«ӨТКЕН ШАҚ» МӘНІНІҢ МОРФОЛОГИЯДАҒЫ КӨРІНІСІ

Авторы

  • О.С. Жұбаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., 050010, Қазақстан Республикасы

Аннотация

Мақалада қазақ тіліндегі грамматикалық категориялардың антропоөзектілігі сипатталған. Зерттеу парадигмасының антропоөзектік ұстанымы тілдің ең маңызды екі қызметін – танымдық (когнитивтік) және коммуникативтік қызметін терең ашуға бағытталады. Антропоөзекті зерттеулерде ұлттық сананың тілдегі көрінісі бейнеленеді. Грамматикалық категориялардың қалыптасуында адам болмысы, мінезі, көзқарасы, коммуникативті актіге қатысушылардың т.б. антропоөзекті сипатының объективті жағдаятқа қатысы байқалады. Соның нәтижесі ретінде грамматикалық категориялар түрлі формада тілдік бірліктер арқылы тұрпатталады. Оған негіз болатын грамматикалық қатынастар санада мазмұнданып, осымен байланысты морфологиялық категорияларды таным әрекетімен, концептуалдау және категориялау үдерістерімен тығыз байланыста қарастыру қажеттігі туындайды. Соған сәйкес жүргізілетін талдау тілдік құбылыстарды антропоөзектік тұрғыдан айқындайды. Грамматикалық категориялардың концептуалдау, категориялау үдерістерінің нәтижесінде түзілетіні, яғни әр грамматикалық категорияның негізінде когнитивті концепт жататыны анықталды. Шақ категориясы антропоөзектік тұрғыдан талданып, оған «уақыт» концептісі негіз болатыны анықталды.

Ключевые слова:

антропоөзектілік, шақ категориясы, грамматикалық категория, ұлттық ерекшелік

Библиографические ссылки

Манкеева Ж. Тіл арқылы рухани жаңғырудың этномәдени кодтарын ашу // Ш.Уәлиханов

атындағы Көкшетау Мемлекеттік университетінің хабаршысы. – Филология сериясы. – 2017.

- №4. – Б. 149-152.

Ахметжанова З.К. Функционально-семантические поля русского и казахского языков. –

Алма-Ата, 1989. – 108 с.

Ахмет Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасы. – Астана, 2017. – 740 б.

Кемеңгерұлы Қ. Үш томдық шығармалар жинағы. - Алматы: Алаш, 2006. – 2-том. – 262 б.

Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1999. – 581 б.

Маманов Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Арыс, 2007. – 488 б.

Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің шақ категориясы. – Алматы, 1953. – 113 б.

Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 382 б.

Загрузки


Просмотров аннотации: 32 | Загрузок PDF: 7

Опубликован

28.06.2024

Как цитировать

Жұбаева, О. (2024). «ӨТКЕН ШАҚ» МӘНІНІҢ МОРФОЛОГИЯДАҒЫ КӨРІНІСІ. Bulletin of Shokan Ualikhanov Kokshetau University Philological Series, (3). извлечено от https://vestnik.kgu.kz/index.php/kufil/article/view/219

Похожие статьи

<< < 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 > >> 

Вы также можете начать расширеннвй поиск похожих статей для этой статьи.