ТІЛДІК МАНИПУЛЯЦИЯ: ЖАРНАМА МЕН САЯСИ ДИСКУРСТЕ ЖҮЗЕГЕ АСУ СИПАТЫ

Авторы

  • А.К. Алтаева ф.ғ.д., Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қаласы, , 050040, Қазақстан Республикасы, https://orcid.org/0000-0002-8071-7399.

Аннотация

Манипуляция – өзге адамға оны басқарып отырған адамға қажетті белгілі бір шешімдер қабылдату және қандай да бір іс-әрекеттер жасату мақсатымен басқарудың ерекше түрі. «Манипуляция» сөзі латын тіліндегі «manus» - қол сөзінен шыққан. Көне сөздіктерде манипуляция қолдың ептілігі арқылы қандай да бір объектілерді шебер, ширақ қолдануды білдіреді. Ал бүгінде мұндай объектілердің орнына адамдар алынып отырғандықтан, бұл сөз ауыспалы мағынаға ие болды. Іс жүзінде қоғамдық сананы (оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы) манипуляциялау адамды өмірдің басымдықтарын, қағидаларын, мораль нормаларын, т.б. өзгертуге мәжбүрлейтін ерекше билік түрі болып табылады. Шебер манипуляцияның нәтижесінде көп адамдардың мінез[1]құлқы манипуляторларға пайдалы бағыттарда болжанып отырады.

БАҚ-тың манипуляциялау құралдарына телевидение (жарнама, кино), баспасөз, радио, мәдениет мекемелері (цирк, театр), интернет жатады. БАҚ және бұқаралық байланыс құралдары арқылы қоғамдық санаға әсер ететін әдіс-тәсілдер дамып, күннен күнге күрделене түсуде. Бәсекелестік пен аудитория үшін күрес жағдайында медиа корпорациялар өзіне тартудың, сәйкесінше көпшілікке ықпал ететін жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді.

«Тілдік манипуляция» термині екі тұрғыдан түсіндіріледі: 1. Сөз арқылы ықпал ету – адресатпен өзара қарым-қатынас процесі, мақсаты – коммуниканттарды ымыраға келтіру. 2. Сөз арқылы ықпал ету – біржақты процесс, нәтижесінде адресат пассив тыңдаушы болады да, оның пікірі мен әрекет-шешіміне сөйлеуші басшылық етеді. Тілдік манипуляция саясатта, БАҚ-та, жарнамада, дінде және адами қарым-қатынаста кеңінен қолданылады.

Ключевые слова:

тілдік манипуляция, жарнама дискурсі, саяси дискурс, астыртын әсер ету, эвфемизм, қайталау, риторикалық сұрақ, оппонент, модальділік

Библиографические ссылки

Krongaus, M. Russian language on the verge of a nervous breakdown. – Mосква: Mark, 2009.

Московичи С. Социальная психология. – Москва, 1998. – 556 с.

Шарапов В. М., Шарапова Е. В., Универсальные технологии управления, Москва: Техносфера, 2006. – 496 с.

Майданова Л.М. Практическая стилистика жанров СМИ. – Екатеринбург: УрГУ, 2010. – 51 с.

Борисов Б.Л. Технологии рекламы и PR. – Москва, 2010. – 617 с.

Реклама: внушение и манипуляция / Ред.-сост. Райгородский Д.Я. – Самара, 2010. –746 с.

Загрузки


Просмотров аннотации: 46 | Загрузок PDF: 13

Опубликован

30.09.2022

Как цитировать

Алтаева, А. (2022). ТІЛДІК МАНИПУЛЯЦИЯ: ЖАРНАМА МЕН САЯСИ ДИСКУРСТЕ ЖҮЗЕГЕ АСУ СИПАТЫ. Bulletin of Shokan Ualikhanov Kokshetau University Philological Series, (3), 134–142. извлечено от https://vestnik.kgu.kz/index.php/kufil/article/view/322