ҚАЗАҚ-ТАТАР БАЙЛАНЫСТАРЫ ТАРИХЫНДАҒЫ ТАТАР ӘЙЕЛДЕРІНІҢ ОРНЫ
Аннотация
Қазақ және татар халықтарының әдеби, мәдени байланыстарының тарихы бірнеше ғасырды құрайды. Қазақ-татар абйланыстары туралы айтқанда, татар әйелдерінің қазақ қоғамына тигізген оң ықпалы туралы арнайы тоқталмау мүмкін емес. Біз зерттеу жұмысымызда осы мәселеге арнайы қарастыруды жөн көрдік. Әдеби және мәдени аспектілерде алып қарастырғанда, көптеген татар аналардың арасынан бірнешеуіне нақты тоқталу қажет деп табылды. Татар әйелдерінің қазақ қоғамындағы орны туралы анрайы қарастырудың негіздемесі қалай пайда болды? Бұл сұрақ жөнінде айтарымыз мынау: ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Патшалық Ресейдің Қазақстанға ықпалы күшейе түсті. Осыған орай, түрлі факторлардың әсерінен татарлардың қазақ жеріне миграциясы күшейді. Сондай-ақ діні, тілі, шығу тегі бір болған себепті қазақ пен татар ұлты адамдары арасында некелесу деңгейі арта түсті. Осыған байланысты, қазақтың көрнекті тұлғаларының жарлары татар ұлтынан болды. Мақаланың кіріспе бөлігінде осы және басқа мәселелер қарастырылды. Атап айтқанда, түркілік мұсылман әлеміндегі әйел теңдігі мәселесі, түркі қоғамындағы әйелдердің бостандығы қарастырылды.
Мақаланың негізгі бөлімінде қазақ қоғапмында өзінің өнегелі ісімен есте қалған татар әйелдерінің әдеби, тарихи бейнесі туралы пікірлер айтылды, мәліметтер мен фактілер негізінде тұжырымдар жасалды.
Мақаланың қорытынды бөлімінде қазақ әдебиеті, мәдениеті тарихына қосқан зор үлесі үшін ұлтымыздың ардақты тұлғаларына айналған татар аналардың еңбегін, жарқын тұлғасын ұмытпай, жадымызда жаңғыртып отыру керек екендігі туралы тұжырымдалған.
Ключевые слова:
татар-қазақ байланыстары, әдебиет және өнер, әйел теңдігі, гендерлік теңдік, татар зиялылары, қазақ зиялысының татар жарыБиблиографические ссылки
Георг Вильгельм Фридрих Гегель. Философия права. – Москва: Мысль, 1990 г.
Ер Едіге кім? Ол мыңғытай ма? Тағы басқа қызықты түйіндер. https://silteme.kz/index.php/aleumet/kogam/item/3158-er-edige-kim-ol-ma-ytaj-ma-ta-y-da-bas-a yzy-ty-t-jinder
Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. – Алматы: Ер-Дәулет, 1994 ж.
Һади Атласи. Сөенбикә. Электрон китап. Формат: pdf - татар телендә.
Урманчеев, Ф.И. Татар мифологиясе : энциклопедик сүзлек : ѳч томда /. – Казан: Мәгариф, 2008
Махашова А.Б Абай шығармаларындағы әйелдер бейнесі. «Түркі халықтарының рухани құндылықтары және Маңғыстау жыраулық дәстүрі» халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциясының материалдары 27 ақпан, 2019
Фурье Ш. Теория четырех движений и всеобщих судеб. - Москва: Циолковский, 2017. – 396 с.
Мәшімбаев С., Мәшімбаева Г. Патшалық Ресейдің және Кеңес империяларының Қазақстандағы рухани отарлау саясатының зардабы. Алматы: Қазақ университеті, 2013 ж.
Алгар, Х The last great Naqshbandi Shaykh on the Volga-Urals Region Muslim in the Central Asia Expermissions on idientity and Change,-1992
Тұрғынбекұлы С. Таңдамалы (Екі томдық). 2-том. Өлеңдер мен дастандар. – Алматы: Фолиант, 2014 ж, 408 бет
Бес ғасыр жырлайды (Құраст: М.Мағауин, М.Байділдаев). – Алматы: Жазушы, 1989 ж, 496 бет
Омарбеков Т. Жәңгір хан. «Ана тілі» газеті, 27 тамыз, 2015 ж.
Қалиева А. Үш арыстың музасы – татар қызы Фатима. Қамшы.кз 9 қараша, 2016 ж. https://qamshy.kz/article/16977-ush-arystynh-muzasy-%E2%80%94-tatar-qyzy-fatima-foto-video#
Ғабитова Ф. Өртеңге өскен гүл. – Алматы: Шаңырақ, 2000. – 289 б.
Жансүгіров І. Шығармалар жинағы (5 томдық). – Алматы: Жазушы, 1994 ж.
Ахмет Байтұрсынұлы [Мәтін] : энциклопедия / бас ред. Ж. Тойбаева ; құраст. Ғ. Жандыбаев [т. б.]. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2017. - 744 б.
Дулатұлы М. Бес томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 2002-2003 ж. 18 Айтыс кітабы. 1988 жыл. «Жазушы» баспасы.
Опубликован
Как цитировать
Выпуск
Раздел
Лицензия
Copyright (c) 2022 Bulletin of Shokan Ualikhanov Kokshetau University Philological Series
Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial» («Атрибуция — Некоммерческое использование») 4.0 Всемирная.