СЫР ӨҢІРІНДЕГІ АНТРОПОТОПОНИМДЕРДІҢ КОГНИТИВТІК ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СИПАТЫ

Авторы

  • К.С. Сарышова Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда, 120005, Қазақстан Республикасы https://orcid.org/0000-0001-6117-3018

DOI:

https://doi.org/10.59102/kufil/2023/iss4pp49-60

Аннотация

Белгілі бір этностың танымында қалыптасқан ғалам үлгілері барлық жалқы есімдердің ономастикалық кеңістігін құрайды. Жалқы есімдердің қалыптасуына тілден бөлек толып жатқан факторлардың әсер ететіні белгілі. Олардың қатарына географиялық, әлеуметтік, тарихи, мәдени факторларды жатқызамыз. Кейбір халықтарда гидроним, ороним, ойконим, этноним саласындағы атау қою тәжірибесінде жеке кісі атын беру жағы басым болатын ерекшеліктер аңғарылады. Тіпті, белгілі бір мекеннің қай халық, қай ұлыс, қай тайпаға тән екендігінің айғақты дәлелі көбінесе сол жердің топонимикалық атауынан байқалатыны рас. Олай болса, Сыр өңірі антропотопонимдерін саралап зерттеу тақырыбымыздың өзектілігін көрсетеді. Осы орайда топонимиканы когнитивтік аспектіде қарастыру нәтижесінде жаңа деректерге қол жеткізетінімізді ескеріп, өзіміз өмір сүріп отырған мекеніміздің жер-су атауларын танымдық тұрғыда қарастыру, ғылыми-теориялық мәліметтерді саралап, түрлерін анықтау мақсат етіледі.

Сыр өңіріндегі антропотопонимдердің (кісі есімдеріне қатысты жер-су атаулары) когнитивтік сипатын анықтау барысында сол өңірді мекендеген халықтың басынан өткерген түрлі әлеуметтік, саяси, тарихи оқиғалардың себептерін анықтауға септігін тигізетін мәліметтер тұжырымдалады. Қызылорда облысының топонимикалық материалы негізінде антропотопонимдердің патронимдік және мемориалды категорияларының ерекшеліктерін нақтылау міндеттеліп, мысалдармен дәлелденеді, ішінара құрылымдық жағынан талдау жасалады.

Ключевые слова:

антропотопонимдер, патронимдік топонимдер, мемориалды топонимдер, когниция, ономастика, дүниетаным, тілдік сана, антропоөзектік парадигма

Биография автора

К.С. Сарышова , Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда, 120005, Қазақстан Республикасы

Сарышова К.С. – к.ф.н., ассоцированный профессор кафедры казахского языка, литературы и журналистики, Кызылординский университет им.Коркыт Ата, Кызылорда, 120005, Республика Казахстан. E-mail: K_Sarysheva@mail.ru, https//orcid.org/0000-0001-6117-3018

Библиографические ссылки

Колшанский Г.В. Таным мен тілдегі дүниенің объективті суреті. «Либроком» баспасы, 2018. – 120 б.

Скребцова Т.Г. Когнитивтік лингвистика: классикалық теориялар мен жаңа көзқарастар. – Москва, 2018. – 392 б.

Ковлакас Е.Ф. Дүниенің топонимикалық суретінің қалыптасу ерекшеліктері: лексико-прагматикалық және этномәдени аспектілері. – Краснодар: КубГУ, 2008. – 250 б.

Тілеубердиев Б.М. Қазақ ономастикасының лингвокогнитивтік аспектілері. – Алматы: Арыс, 2006. – 368 б.

Poenaru O.M. et al. (2013). The relationship between toponymy and linguistics // Anadiss. – 2013. – V.8. – №15. – С.154-166.

Shamsutdinova, A. V. U. J. K., Urazmetova, A. V. (2017). Principles of place names classifications. DOI: 10.18355/XL.2017.10.04.03

Evemalm, S. (2018). Theory and practice in the coining and transmission of place-names: a study of the Norse and Gaelic anthropo-toponyms of Lewis: diss. – University of Glasgow, 2018.

Olga, C., Leonardo, T. I. P., Ksenia B. (2018). New world basque toponymy in the dialogue of languages and cultures // Russian Journal of Linguistics. – 2018. – V. 22. – № 2. – P. 251-264.

Мадиева Г.Б. Шығыс Қазақстанның гидронимиясы: филол.ғыл.канд.дис. – Алматы: ҚазМУ, 1990. – 149 б.

Рысберген Қ.Қ. Қазақ топонимиясының лингвокогнитивтік және этномәдени негі здері . Фило л.ғыл.докт. авторефераты . – Алматы , 2010. – 55 б.

Қызылорда облысының жер-су атаулары. – Қызылорда, 2011. – 192 б.

Абасилов А.М., Тұяқбаев Ғ.Ә., Сарышова К.С. Қызылорда облысындағы апеллятив топонимдердің когнитивтік негіздері// Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы. Филология сериясы. № 3(140). 2022. – 21-32 б.

Жанұзақ Т. Қазақ ономастикасы. – Нұр-Сұлтан: Халықаралық Түркі академиясы, 2021. – 2-т. – 525 б.

Сайымбетов О. Ара алпа тилиндеги меншикли адам атлары. – Нукус: «Билим», 2000.

Абишов Г.М. Топонимдер құрамындағы антропонимикалық элементтер// РУДН Хабаршысы. Тіл теориясы. Семиотика. Семантика сериясы. 2017. №2. – 335-340 б.

Материал 04.10.2023 баспаға түсті

Загрузки


Просмотров аннотации: 17 | Загрузок PDF: 6

Опубликован

27.12.2023

Как цитировать

Сарышова , К. (2023). СЫР ӨҢІРІНДЕГІ АНТРОПОТОПОНИМДЕРДІҢ КОГНИТИВТІК ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СИПАТЫ. Bulletin of Shokan Ualikhanov Kokshetau University Philological Series, (4), 49–60. https://doi.org/10.59102/kufil/2023/iss4pp49-60

Похожие статьи

1 2 3 4 5 6 7 > >> 

Вы также можете начать расширеннвй поиск похожих статей для этой статьи.