ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНДЕГІ «ӘЙЕЛ» КОНЦЕПТІСІН ЛИНГВОМӘДЕНИ ЗЕРТТЕУ АСПЕКТІЛЕРІ

Авторы

  • А.М. Елубай Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, 010000, Қазақстан Республикасы https://orcid.org/0000-0002-8746-9623
  • Г.Ә. Сәрсеке Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, 010000, Қазақстан Республикасы

DOI:

https://doi.org/10.59102/kufil/2023/iss4pp5-17

Аннотация

Мақалада қазақ және түрік мақал-мәтелдеріндегі «әйел» концептісін лингвомәдени зерттеу аспектілері қарастырылады. «Әйел» концептісі қазақ және түрік тілінде сөйлеушілердің ой-санасындағы негізгі ұғымдардың бірі болып табылады. Мақала қазақ және түрік тілдеріндегі мақал-мәтелдердегі «әйел» концептісін салыстырмалы зерттеу нәтижелеріне арналған.

Қазақ және түрік тіліндегі мақал-мәтелдерді салыстыра зерттей отырып, «әйел» концептісінің ұлттық сипатын ашу, ұқсастықтарын айқындау, ұлттық ерекшеліктерін сипаттау негізгі мақсат болып табылады.

Лингвистикадағы антропологиялық лингвистика және мәдени антропологиялық ғылымдарының даму өрісі мен үрдісі, концепт өрісінің негізгі өзегі болып табылатын адам, оның ішінде «әйел» концептісінің тілдік бейнесін қазіргі тілтанымдық ғылымның жалпы антропоөзектік бағытымен ұштастыру жұмыстың өзектілігін құрайды.

Қазіргі заманғы лингвистика ғылымы тілдің бір-бірінен өзіндік ерекше заңдылықтар арқылы ерекшеленіп, оқшауланумен бірге, олардың көпшілігіне тән ортақ заңдылықтардың да бар екендігін дәлелдеп отыр. Аталған лингвомәдениеттердегі «әйел» жайындағы негізгі типтік көзқарастарды айқындайтын, екі елдің тілдік санасында аталмыш концептіні құрылымдайтын басты когнитивтік стереотиптер сипатталды, «әйел» концептісінің құрылымдық және мазмұндық бірліктері айқындалды.

Зерттеу нәтижесінде «әйел» концептуалды сферасының түрік және қазақ тілдеріндегі ұқсастықтары мен ерекшеліктері туралы тұжырым жасалды.

Ключевые слова:

когнитивті лингвистика, әлемнің тілдік бейнесі, мақал-мәтел, концепт, «әйел» концептісі, лингвомәдени бірлік

Биография автора

А.М. Елубай, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, 010000, Қазақстан Республикасы

Елубай А.А. – қазақ тіл білімі кафедрасының PhDдокторанты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, 010000, Қазақстан Республикасы. Е-mail: smailova_asem@mail.ru, https://orcid.org/0000-0002-8746-9623.

Библиографические ссылки

Железнова, Ю. В. «Отбасы» концептісін лингвокогнитивтік және лингвомәдени зерттеу: фил. ғыл. кандидатын алу үшін. дис. автореф: 10.02.19. – Ижевск: Удмурт.мем.ун-т, 2009.

Кубрякова, Е. С., Демьянков, В. З. Когнитивтік терминдердің қысқаша сөздігі. – Москва, 1996. – 90 б.

Ислам, А. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті (салыстырмалы-салғастырмалы лингво-мәдени сараптама): 10.02.02: филол.ғыл. док. ... дис. – Алматы, 2004. – 228 б.

Жиренов, С. А. Тілдегі афоризмдердің концептуалды сипаты //ҚР ҰҒА Хабаршысы. – 2010. – №5. –13-16 б.

Маслова, В. А. Когнитивтік лингвистика: Оқу құралы/В. А. Маслова – Мн.: Тетра Системс, 2004. – 256 б.

Asimeng-Boahene, L. (2013). The social construction of sub-Saharan women’s status through African proverbs. Mediterranean Journal of Social Sciences, 4(1), 123-131. https://doi.org/10.5901/mjss.2013.v4n1p123 [Google Scholar]

Diabah, G., & AppiahAmfo, N. A. (2015). Caring supporters or daring usurpers? Representation of women in Akan proverbs. Discourse & Society, 26 (1), 3–28. https://doi.org/10.1177/0957926514541343 [Crossref], [Web of Science ®], [Google Scholar]

Khan, L. A. (2018). Discursive construction of patriarchy: A feminist critique of Punjabi proverbs. NUML Journal of Critical Inquiry. https://www.researchgate.net/publication/329359365 [Google Scholar]

Lomotey, B. A., & Chachu, S. (2020). Gender ideologies and power relations in proverbs: A cross-cultural study. Journal of Pragmatics, 168, 69–80. https://doi.org/10.1016/j.pragma.2020.07.001 [Crossref], [Web of Science ®], [Google Scholar]

Nisrane, T. G., & Tizazu, S. B. (2019). Discourse analysis on the representation of women in Western Gurage proverbs. International Journal of Environmental and Science Education. https://www.ijese.net/makale/2126.html [Google Scholar]

Sagheer, I., & Zubair, S. (2020). Women in punjabi proverbs: cultural models, genderideologies and stereotyping: Cultural models, gender ideologies and stereotyping. Journal of Gender and Social Issues, 19(1), 85–98. https://jgsi.fjwu.edu.pk/jgsi/article/view/218 [Google Scholar]

Болғанбаев, А. Қазақ тiлiнiң cөздiгi. – Алматы, 1999. – 965 б.

Xuyi Zhao “I’m not a feminist, but … ”: Hegemonic femininities and women’s autonomy revisited in a Chinese university // https://doi.org/10.1080/12259276.2023.2254961 , Asian Journal of Women's Studies, Volume 29, 2023 - Issue 3 Pages 344-363 | Received 23 Feb 2023, Accepted 07 Aug 2023, Published online: 12 Sep 2023

Лю, Бо. Әлемнің орыс тілі бейнесіндегі «әйел» концептісі (Қытай фонында): фил. ғыл. кандидатын алу үшін. дис. Автореф. – Владивосток, 2010. – 26 б.

Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 2-том / Құраст.: Ғ.Қалиев, С.Бизақов, О. Нақысбеков және т.б. – Алматы, 2011. – 744 б.

Материал 30.06.2023 баспаға түсті

Загрузки


Просмотров аннотации: 50 | Загрузок PDF: 40

Опубликован

27.12.2023

Как цитировать

Елубай, А., & Сәрсеке, Г. (2023). ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНДЕГІ «ӘЙЕЛ» КОНЦЕПТІСІН ЛИНГВОМӘДЕНИ ЗЕРТТЕУ АСПЕКТІЛЕРІ. Bulletin of Shokan Ualikhanov Kokshetau University Philological Series, (4), 5–17. https://doi.org/10.59102/kufil/2023/iss4pp5-17

Похожие статьи

<< < 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 > >> 

Вы также можете начать расширеннвй поиск похожих статей для этой статьи.