ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ЖЫЛҚЫ ОБРАЗЫ

Авторы

  • М.К. Нуржaксинa Ш.Уәлихaнов aтындағы Көкшетaу университеті, Көкшетaу қ., 020000, Қaзaқстaн Республикасы
  • Б.С. Шукуманова Ш.Уәлихaнов aтындағы Көкшетaу университеті, Көкшетaу қ., 020000, Қaзaқстaн Республикасы

Аннотация

Қазақ әдебиетінде әңгіме жанры сюжеттік құрылысымен, оқиғаны баяндау тәсілімен, жанрлық ерекшеліктерімен, композициялық, құрылысымен, көркемдік жүйесімен дара жанрға айналғаны анық. Бұл шағын жанрдың көлемі шағын, кейіпкер саны шектеулі, сюжетті құрайтын оқиғасы азшылық еткенімен өзекті мәселелерді дөп басып жеткізе алатын ерекшелігі бар. Солайша әңгімеде адам өмірі мен тағдыры, басты қозғалған проблема жинақы беріледі.

Әңгіме жанрында, оның ішінде қазіргі қазақ әдебиетінде жылқы бейнесі көптеп ұшырасады. Жылқы образының қазақ әдебиетінде көптеп кездесуі де бекерден-бекер емес. «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деген көшпелі халқымыз төрт түліктің ең қадірлісі жылқы малы деп білген. Бұл құбылыс халықтың ежелден бастау алған көшпелі тұрмыс салтымен де, мифологиялық, космогониялық дүниетанымымен де байланысты.

Мақалада қазақ әңгімесі жанрында қалам тербеген Мұхтар Мағауин, Нұрғали Ораз, Айзат Рақыш сынды қаламгерлердің әңгімелеріндегі жылқы образы талданып, кейіпкерлер болмысы, мінезі қарастырылды. Талданған әңгімелер аудионұсқада, ғаламтор бетінде көп оқырманның ыстық ықыласына ие болған туындылар болып табылады.

Ключевые слова:

әңгіме, жылқы, мінез, тартыс, жанр, кейіпкер, әдеби образ

Библиографические ссылки

Ілиясұлы Қ. Жылқыны ойласам, жылағым келеді... // Жетісу газеті, 1998, 12 қараша. – б.-2

Мухамадиев Х.С. Концепт тулпар или «поклонитесь коню». ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, No 2(132). 2011

Жанәбіл С. Биіктегі сұлулық // Ана тілі. 29 қыркүйек, 2010 жыл.

Елеукенов Ш. «Айзат айшықтары» // «Қазақ әдебиеті» газеті, 2016 жыл, №41-42

Сахиқызы З. // Қазақ әдебиеті. №21, 2018 жыл. 8-14 маусым – 4 б.

Мұхтар Мағауин. Хикаяттар. 2томдық таңдамалы шығармалар жинағы, 2-том. – Алматы: Жазушы, 1990 ж.

Асанов Ж ,Тілемісова Қ. Ұлттық характер – даралық стиль негізі (М.Мағауиннің «Жүйрік» повесі бойынша)// http://www.rusnauka.com/10_NMIW_2015/Philologia/1_190515.doc.htm

Ораз Н. Жылқының көз жасы: Әңгiмелер мен хикаяттар, эсселер. – Алматы: «Қайнар баспасы», 2012. – 320 бет.

Рақыш А. Көк биенің киесі. // https://bilim-all.kz/article/15758-Kok-bienin-kiesi

Загрузки


Просмотров аннотации: 49 | Загрузок PDF: 14

Опубликован

30.12.2022

Как цитировать

Нуржaксинa М., & Шукуманова, Б. (2022). ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ЖЫЛҚЫ ОБРАЗЫ. Bulletin of Shokan Ualikhanov Kokshetau University Philological Series, (4), 52–60. извлечено от https://vestnik.kgu.kz/index.php/kufil/article/view/294

Похожие статьи

<< < 1 2 3 4 5 6 7 > >> 

Вы также можете начать расширеннвй поиск похожих статей для этой статьи.