Т.АХТАНОВ ДРАМАЛАРЫНДАҒЫ АДАМ КОНЦЕПЦИЯСЫ

Авторы

  • Ж.С. Сұлтанғалиева Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті, Ақтөбе қ., 030000, Қазақстан Республикасы

Аннотация

Мақалада Т.Ахтановтың «Сәуле» пьесасындағы түпқазық кейіпкер Сәуле бойынан бүгінгі замандас сипаттарымен қоса, иісі қазақ әйеліне тән бірталай қырларды көрсеткені талданады. Пьесаның етек-жеңі жинақы, композициясы ширақ, тартысқа қатысатын адамдар он шақты ғана. Драматургтің сахна заңдылығын, театр талаптарын ескергендігі де аңғарылады. Автор адамдарды отырғызып қойып, ұзақ сонар тәжікелестіретін, сөз туғызатын кінаратқа бойын аудармай, шағын әрекетті көріністерді ауыстырып отырады. Сонымен қатар Сәуле мен Сырдақ арасындағы тартысқа қатысты оқиғаның өрбу реті мен қызметкердің қазіргі типі деген өзекке шынайылықпен ойысып отырғанын байқаймыз.

Т.Ахтановтың ендігі бір драмасы «Махаббат мұңы» атты пьесасындағы жаңа ғана шешек атып келе жатқан балауса қыздың жан сезімін суреттеудегі шеберлігі туралы да сөз болады. Жалпы қазақ драматургиясындағы халық жүрегінен берік орын алған, классикалық туындылардағы махаббат сценалары негізінен романтикалық ыңғайда, көтеріңкі лепте жазылғанын да қаламгер ерекше үлгіде жеткізе алған.

Ключевые слова:

драматург, пьеса, кейіпкер, тартыс, шеберлік

Библиографические ссылки

Ахтанов Т. Бес томдық шығармалар жинағы. Пьесалар. – А., 1984.- 448 б.

Ахтанов Т. Көп томдық шығармалар жинағы. Пьесалар мен эсселер. – А., 2013.- Т. 5.-384 б.

Домбаев Н. Қазақ әдебиетінің ақиығы // Коммунистік еңбек. – 1983, 22 қазан.

Әлімқұлов Т. Көп сөз туралы аз сөз // Жұлдыз. – 1985, №12.

Құлбарақов С. Тахауи Ахтанов драматургиясы. [Мәтін] : Автореферат / – А.: 1993, 27 б.

Нұрғали Р. Драма өнері. А., 2001. – 480 б.

Нұрғалиев Р. Арқау: екі томдық шығармалар. – А., 1991. – 576 б.

Қабдолов З. Сөз өнері. А., 2002. – 360 б.

Жарылғапов Ж., Такиров С., Әдебиет теориясы. Оқу құралы. – А., 2018.- 172 б.

Райан Майкл. Әдебиет теориясы: Кіріспе. – А., 2019. – 292 б.

Загрузки


Просмотров аннотации: 19 | Загрузок PDF: 10

Опубликован

08.07.2022

Как цитировать

Сұлтанғалиева, Ж. (2022). Т.АХТАНОВ ДРАМАЛАРЫНДАҒЫ АДАМ КОНЦЕПЦИЯСЫ. Bulletin of Shokan Ualikhanov Kokshetau University Philological Series, (2), 73–80. извлечено от https://vestnik.kgu.kz/index.php/kufil/article/view/261

Похожие статьи

1 2 > >> 

Вы также можете начать расширеннвй поиск похожих статей для этой статьи.