С. МҰҚАНОВТЫҢ ӘДЕБИ-ҒЫЛЫМИ ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ МҰРАСЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ МӘСЕЛЕСІ

Авторы

  • А.Б. Ерсаинова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, 010000, Қазақстан Республикасы.
  • Ж.С. Таласпаева М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Петропавл, 150011, Қазақстан Республикасы

Аннотация

Мақалада классик жазушы Сәбит Мұқановтың эпистолярлық мұрасындағы қазақ

әдебиеті мен сынына, әдебиет тарихына қатысты, ашық хаттары ғылыми сараланған. Сәбит Мұқанов  өз шығармашылығында кез келген тақырыпта жазбас бұрын зерттеулер жүргізген. Сол зерттеулерінің бір бөлігі әртүрлі ғалымдарға, жазушыларға, ғылыми мекемелерге жазған хаттары деуге болады. Хат жазу арқылы көптеген деректерді жинап, оны өңдеп, көркем туындыға айналдырып отырған. Аталған мақалада академик-жазушы Сәбит Мұқановтың әдебиет саласына байланысты жазылған хаттарына ғылыми талдау жасап, қай хатында қандай шығармаға материал алғаны сараланып, сол арқылы жазушының шығармашылық лабораториясы және шығармашылық психологиясы біршама ашылып, анықталды. Классик жазушының хаттарын тақырыптық тұрғыдан саралап жіктедік.

Сәбит Мұқановтың эпистолярлық мұрасынан азаматтық өсу жолының хронологиясын, эпистолярлық жанрды өте жақсы меңгергендігін, үлкен мәдениеттілік танытқандығын байқаймыз. Мақаланың негізгі мақсаты – Сәбит Мұқанов хаттарына зерттеу жүргізу арқылы жалпы эпистолярлық жанрда жазушылардың жеке хаттары мен ғылыми хаттарының жазылып отырған көркем шығармада көрініуін талдау. Сол арқылы академик-жазушы Сәбит Мұқановтың авторлық психологиясы мен ұстанымын айқындау мүмкіндіктерін саралау.

Ключевые слова:

хаттар, эпистолярлық жанр, ғылыми хаттар, әдеби айтыстар, сөз тартыстары, жазушы психологиясы

Библиографические ссылки

Ергөбек Қ. Келбет (С. Мұқанов тағдыры). – Астана: Фолиант, 2020. – 624 б.

Мұқановтың хатханасы – Письмотека Муканова / Құраст.Ә. Қайырбеков. – Алматы: «Полиграфкомбинат», 2018. – 392 б.

Мәшһүр Жүсіптің бір хаты. URL: https://egemen.kz/article/337869-mashqur-zhusiptinh bir-khaty (қаралды: 17.05.2023)

Шәкәрімнің Сәбит Мұқановқа хаты. ҚР ОММ, 1634 қор (Қолжазбаның түпнұсқасы араб әрпінде берілген).

Шәкәрім қажының Сәбит Мұхановқа жазған хаты. URL: https://adebiportal.kz/kz/news/view/sakarim-qazynyn-sabit-muxanovqa-zazgan-xaty__16582 (қаралды: 17.05.2023)

Кәкішев Т. Сәбит – Мағжан – Сәкен. URL: https://adebiportal.kz/kz/news/view/tursynbek-kakisev-sabit-magzan-saken__14604 (қаралды: 17.05.2023)

Келіс Р. Мұхтар Әуезовтің Сәбеңе хаты. URL: https://adebiportal.kz/en/blogs/view/muxtar-auezovtin-sabene-xaty (қаралды: 17.05.2023)

Үшеудің хаты. URL: http://www.madeniportal.kz/article/2652 (қаралды: 17.05.2023)

Ергөбек Қ. «Жазушы шеберханасы (Сәбит Мұқанов)». –Алматы: Қазақпарат, 2002. –292 б.

Загрузки


Просмотров аннотации: 42 | Загрузок PDF: 8

Опубликован

20.09.2023

Как цитировать

Ерсаинова, А., & Таласпаева, Ж. (2023). С. МҰҚАНОВТЫҢ ӘДЕБИ-ҒЫЛЫМИ ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ МҰРАСЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ МӘСЕЛЕСІ. Bulletin of Shokan Ualikhanov Kokshetau University Philological Series, (3), 94–103. извлечено от https://vestnik.kgu.kz/index.php/kufil/article/view/227

Похожие статьи

<< < 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 

Вы также можете начать расширеннвй поиск похожих статей для этой статьи.