МАРХАБАТ БАЙҒҰТ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ПОРТРЕТТІҢ КӨРКЕМДІК ҚЫЗМЕТІ

Авторы

  • Б.Б. Тагудретова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универитеті, Астана, 010000, Қазақстан Республикасы
  • Ж.Т. Қадыров М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Петропавл, 150000, Қазақстан Республикасы

Аннотация

Мақалада жазушы Мархабат Байғұттың портрет жасаудағы шеберлігіне жан-жақты талдау жасалынады. Әлемдік әдеби дамуда портрет уақыт алға жылжыған сайын күрделене түсіп, психологиялық тереңдікке ие болған. Мархабат Байғұт шығармаларында да портреттің кейіпкер мінезін ашудағы орны үлкен. Онда жалпы портретке тән дәстүрлі сипаттармен бірге жазушы қаламына тән дара белгілер де көп. Ғылыми зерттеуде көзделетін мақсат – жазушы шығармасындағы портреттердің тек кейіпкердің сыртқы келбетін суреттеу ғана емес, оқырманның кейіпкерді тереңірек тануына, оның ішкі жан дүниесіне енуіне, оның іс-әрекеттерінің мәнін ұғынуына, автор ниетін анықтауға жол ашатын көркемдік құрал екендігін де көрсету. Сонымен қатар, портреттік суреттеулердің эмоциялық әсері мен тілдік кестесін де айқындау мақсаты алға қойылды. Мақаланың ғылыми және практикалық маңызы Мархабат Байғұт шығармаларын одан әрі тереңдете зерттеуге мүмкіндіктер туғызатындығымен, оны оқу үдерісінде қолдануға болатындығымен айқындалады. Зерттеу жұмысында талдаудың жалпы ғылыми әдістері қолданылып, отандық ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалынып, пікірлері назарға алынды. Жазушының өзіндік соны тақырыбы, идеясы, тұжырымы, айтары мол көркемдікке толы шығармалары ғылыми жүйеге объекті болатындай өміршең әрі тың дүниелер екендігі тұжырымдалды. Мархабат Байғұт шығармашылығындағы портреттің алар орнын талдау әдебиеттану саласындағы стиль және тіл мәдениеті теориясын толықтыруға үлес болып қосылары сөзсіз.

Ключевые слова:

көркем проза, портрет, портрет түрлері, автор, көркем бейне, стиль, характер, портреттік деталь

Библиографические ссылки

Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Санат, 2007. – 360 б.

Юркина Л. Ю. Портрет. – М.: МГУ, 2008. – С.185–186.

Бaйғұт М. Шығaрмaлaр жинaғы. 3 тoм. – Aлмaты: Кeрeмeт мeдиa, 2019. – 400 б.

Бaйғұт М. Шығaрмaлaр жинaғы. 1 тoм. – Aлмaты: Кeрeмeт мeдиa, 2019. – 400 б.

Жұмалиев Қ., Қабдолов З., Ахметов З. Әдебиет теориясы. Классикалық зерттеулер: Көп томдық. Т.15. – Алматы: Әдебиет Әлемі, 2013. – 412 б.

Жақып Б. Түркі дүниесінің тұлғасы болатын. – Алматы, 2022. – 15 б.

Мaрхaбaт мyзacы. Әңгімесі роман жүгін арқалап... Әдеби-сын мақалалар, рецензиялар, эсселер.– Aлмaты: Қaзығұрт, 2020. – 344 б.

Тарақов Ә. Кейіпкер портретінің бейнеленуі және аудармада берілуі // ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы – 2015. Т.153. №1. – 297-301 бб.

Бaйғұт М. Шығaрмaлaр жинaғы. 2 тoм. – Aлмaты: Кeрeмeт мeдиa, 2019. – 400 б.

Загрузки


Просмотров аннотации: 4 | Загрузок PDF: 3

Опубликован

20.09.2023

Как цитировать

Тагудретова, Б., & Қадыров, Ж. (2023). МАРХАБАТ БАЙҒҰТ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ПОРТРЕТТІҢ КӨРКЕМДІК ҚЫЗМЕТІ. Bulletin of Shokan Ualikhanov Kokshetau University Philological Series, (3), 110–121. извлечено от https://vestnik.kgu.kz/index.php/kufil/article/view/231

Похожие статьи

<< < 1 2 3 4 5 6 7 

Вы также можете начать расширеннвй поиск похожих статей для этой статьи.