ҚАТЫСЫМДЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Авторы

  • А.К. Курманова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан қ., 010000, Қазақстан Республикасы

Аннотация

Мақалада қазақ тілі сабақтарында қатысымдық жаттығуларды қолдану мәселесі қарастырылады. Мақаланың мақсаты мен міндеттеріне орай зерттеу тақырыбына қатысты авторлардың көзқарастары мен пікірлеріне шолу жасалды. Сонымен қоса теорияға негізделген ғылыми еңбектер зерделенді. Бұл тақырып қазіргі өзекті мәселенің бірі – қатысымдық бағдарлы оқытумен тығыз байланыста қаралады. Қатысымдық бағдарлы оқыту – нақты өмірлік жағдаяттарда тиімді қарым-қатынас жасау үшін тілді қолдануға және білім алушылардың қатысымдық дағдыларын дамытуға бағытталған оқыту тәсілі. Оның бірден бір тиімді жолы – қатысымдық жаттығулар. Қатысымдық жаттығулар – тіл үйренушінің білік пен дағды қалыптастыру жүйелілігін ескере келіп, тілдік және сөйлеу жаттығулары арқылы тіл үйренушінің қатысымдық құзыреттілігін дамытуға бағытталған өзара байланыстағы әрекеттердің ұйымдастырылуын қамтамасыз ететін жаттығу түрі. Бұл білім алушыларды тілді шынайы өмірде қолдануға бейімдейді. Яғни, қатысымдық жаттығулар үйретілген лексикалық бірліктер мен грамматикалық формаларды есте сақтау, тілдесім барысында оларды пайдалану дағдыларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге қарым-қатынаста, яғни сөйлеу актілерін жүзеге асыруда тіл үйренушінің тілдік тәжірибесін қалыптастыруда маңызды болып табылатын тілді қолдану дағдысын қалыптастыруға және оны дамытуға негіз болады. Сондықтан мақалада қатысымдық жаттығулардың түрлері сипатталды мен тиімділігі дәлелденді. Қатысымдық жаттығуларды қолдану білім алушылардың қатысымдық дағдыларын дамытуға, тіл үйренуге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға ықпал ететінін зерттеу жұмысымыздың нәтижесі көрсетті. Қатысымдық жаттығуларының ең тиімді түрлері рөлдік ойындар, пікірталас және топтық тапсырмалар екені анықталды. Дегенмен, жақсы нәтижеге жету үшін қатысымдық жаттығуларды грамматикалық жаттығулар мен мәтінмен жұмыс жасаудың тиімді әдіс-тәсілдерімен ұштастыра қолдану қажет деген тұжырым жасалды.

Ключевые слова:

қазақ тілі, қатысымдық дағдылар, қатысымдық жаттығулар, рөлдік ойын, пікірталас, топтық тапсырма, грамматикалық жаттығулар, мәтінмен жұмыс

Библиографические ссылки

Курманова, А. К., Курманбаева Ш. К. Қатысымдық бағдарлы оқыту мәселесінің зерттелуі [Текст] //Торайғыров университетінің хабаршысы. Педагогикалық сериясы. №1 (2022). – Павлодар, 2022. – Б. 400-412. https://doi.org/10.48081/JUAP1704

Курманова, А. К. Білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың тиімді әдістері [Текст]// Ш.Уәлиханов атындағы КУ хабаршысы. Филология сериясы. №2. – Көкшетау, 2022. – Б. 91-101.

Пассов, Е. И. Коммуникативные упражнения (на материале немецкого языка) [Текст]. – Москва : Просвещения, 1967. – 97 с.

Скалкин, В. Л. Коммуникативные упражнения на английском языке [Текст]. – М. : Просвещение, 1983. – 128 с.

Сосенко, Э. Ю. Коммуникативные подготовительные упражнения (При обучении говорению на начальном этапе) [Текст]. – М. : Русский язык, 1979. – 140 с.

Рамсина, Т. А., Подлива, М. А. Коммуникативные упражнения. Изд. 3-е, перераб., доп. [Текст] – М. : Русский язык, 2010. – 179 с.

Гез, Н. И. Система упражнений и последовательность развития речевых умений и навыков [Текст] //Иностранные языки в школе, 1969. – № 6.

Костомаров, В.Г., Митрофанова, О.Д. Методическое руководство для преподавателей русского языка иностранцам [Текст]. -3-е изд. -М.: Русский язык, 1984. –158 с.

Курманова, А.К. Қатысымдық жаттығулар: зерттеулер мен оқулықтарға талдау [Текст] // Торайғыров университетінің Хабаршысы, Педагогикалық сериясы. – 2022. – №4. – Б. 233-245. https://doi.org/10.48081/KZWL2389

Пассов, Е. И. Концепция коммуникативного обучения иноязычной культуре в средней школе [Текст]. – М.,1993. – 278с.

Колесникова, Н. И. Культура научной и деловой речи [Текст]. Нормативный аспект. : учеб. пособие / Н. И. Колесникова, Т. Л. Мистюк, Т. Г. Ольховская ; Новосиб. гос. техн. ун-т . - Изд. 2-е. - Новосибирск : Изд-во НГТУ, 2019. – 76 с. - ISBN 978-5-7782-3909-8.

Современные методы и технологии преподавания иностранных языков [Текст]: сб. науч. ст. / Чуваш. гос. пед. ун-т ; отв. ред. Н. В. Кормилина, Н. Ю. Шугаева. – Чебоксары : Чуваш. гос. пед. ун-т, 2019. – 449 с.

Загрузки


Просмотров аннотации: 69 | Загрузок PDF: 35

Опубликован

30.03.2023

Как цитировать

Курманова, А. (2023). ҚАТЫСЫМДЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ. Bulletin of Shokan Ualikhanov Kokshetau University Philological Series, (1), 59–68. извлечено от https://vestnik.kgu.kz/index.php/kufil/article/view/192

Выпуск

Раздел

МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ЯЗЫКА И ЛИТЕРАТУРЫ

Похожие статьи

<< < 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 

Вы также можете начать расширеннвй поиск похожих статей для этой статьи.