ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕ ҚАТЫСЫМДЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

Авторы

  • А. К. Курманова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, 010000, Қазақстан Республикасы https://orcid.org/0000-0003-0795-7035

DOI:

https://doi.org/10.59102/kufil/2023/iss4pp179-190

Аннотация

Мақалада қазақ тілін үйретуде қатысымдық жаттығуларды қолданудың нақты тәжірибесі сипатталып, қол жеткізген нәтижелерге талдау жасалды. Мақаланың мақсаты мен міндеттеріне орай зерттеу тақырыбына қатысты авторлардың көзқарастары мен пікірлеріне шолу жасалды. Сонымен қоса теорияға негізделген ғылыми еңбектер зерделенді. Бұл тақырып қазіргі өзекті мәселенің бірі – қатысымдық бағдарлы оқытумен тығыз байланыста қаралды. Қатысымдық жаттығулар тілді шынайы өмірде қолдануға бейімдейді. Яғни, тіл үйренушінің тілдік тәжірибесін қалыптастыруда маңызды болып табылатын тілді қолдану дағдысын қалыптастыруға және оны дамытуға негіз болады. Осыларды анықтау мақсатында мақалада сауалнама, бақылау, тестілеу әдістері қолданылды. Сауалнама әдісі арқылы білім алушылардың ынтасы, қазақ тілін қолданудағы сенімділік деңгейі және қатысымдық жаттығуларды қабылдауы бағаланды. Бақылау әдісі арқылы білім алушылардың оқу үдерісіне қатысуы және қатысымдық жаттығуларды орындау барысы зерделенді. Тестілеу әдісі арқылы білім алушылардың қазақ тілінде жазу және сөйлеудегі қатысымдық құзыреттілік деңгейі анықталды. Оқу материалдары ретінде білім алушылардың қазақ тіліндегі қатысымдық дағдыларын дамытуға бағытталған арнайы мәтіндер, аудио және бейнематериалдар, жаттығулар мен тапсырмалар алынды. Нәтижесінде білім алушылардың қазақ тілінде қатысымдық дағдыларын дамыту, қатысымдық жаттығуларды қабылдауды бағалау, қатысымдық жаттығуларды қолданудың тиімділігі расталды. Қатысымдық жаттығуларды қолдану білім алушылардың қатысымдық дағдыларын дамытуға, тіл үйренуге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға ықпал ететінін зерттеу жұмысының нәтижесі көрсетті.

Ключевые слова:

қатысымдық жаттығулар, қатысымдық бағдарлы оқыту, қатысымдық құзыреттілік, қатысымдық дағдылар, қатысымдық жағдаят

Биография автора

А. К. Курманова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, 010000, Қазақстан Республикасы

Курманова А.К. – PhD-докторант, Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева, Астана, 010000, Республика Казахстан. Е-mail: k_ainash_k@mail.ru, https://orcid.org/0000-0003-0795-7035.

Библиографические ссылки

Kurmanova, A.K., Kapantaikyzy, Sh. (2023), The role of communicative exercises in increasing the level of practical knowledge of the kazakh language [Text] //Sh. Ualihanov atyndagy KU habarshysy. Filologiya seriyasy. – №2. – Р. 93-104. https://doi.org/10.59102/kufil/2023/iss2pp93-104

Курманова А.К. (2022), Қатысымдық жаттығулар: зерттеулер мен оқулықтарға талдау [Текст] //Торайғыров университетінің хабаршысы. Педагогикалық сериясы. – №4. – Б. 233-245. https://doi.org/10.48081/KZWL2389

Роджерс К. (2001), Психотерапиядағы клиент-орталықтандырылған тәсіл [Текст] //Психология мәселелері, – №2. – Б. 48-58.

Luft, J.; Ingham, H. (1955). The Johari Window, a Graphic Model of Interpersonal Awareness. Proceedings of the Western Training Laboratory in Group Development. 246, 2014-03.

Томас Гордонның тілдесім моделі [Текст] [Электронды ресурс]. – URL: https://www.psychologies.ru/psychotherapy/methods/model-obscheniya-tomasa-gordona/ (жүгінген күні: 07.07.2023)

Вацлавик П. (2000), Тұлғааралық коммуникация психологиясы [Текст] /Пол Вацлавик, Дженет Бивин, Дон Джексон; [Ауд. И. Авидон, П. Румянцева]. – СПб.: Сөйлеу : Гуманитар. акад. – 298 б.

Пассов Е.И. (1967), Қатысымдық жаттығулар (неміс тілі материалында) [Текст]. – Москва: Ағартушы. – 97 б.

Скалкин В.Л. (1983), Ағылшын тіліндегі қатысымдық жаттығулар [Текст]. – М. : Ағартушы. – 128 б.

Рамсина Т.А., Полидва М.А. (1989), Қатысымдық жаттығулар. З басылым, өңделген, толықт. [Текст] – М. : Орыс тілі. – 179 б.

Гез Н. И. (1969), Жаттығулар жүйесі және сөйлеу дағдылары мен қабілеттерін дамыту реттілігі [Текст] // Мектептегі шет тілі. – № 6. – Б. 29-40.

Кузекова З.С. (2005), Екінші тіл ретіндегі қазақ тілі оқулығы теориясының лингвистикалық негіздері: фил. ғыл. докторы дисс. [Текст]. – А.. – 302 б.

Курманбаева Ш.К. (2012), Қазақ тілін жеделдете оқыту: теориясы мен әдістемесі [Текст]. Монография. – Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы. – 278 б.

Naviy, L., Zhussupbekova, G. G., Stukalenko, N. M., Zhakhina, B. B., Baimanova, L. S., Kukubaeva A. K. (2020). Development of communication and speech skills of students in the process of education. Journal Of Intellectual Disability, 8(3), –Р. 437-442.

Murzina, S. A., Stukalenko, N. M., Naviy, L., Zhussupbekova, G. G. (2017). Study of peculiarities of communicative type of teaching. Man In India, 97(23), –Р. 409-420.

Yazıcı, Y., Hayta, P. (2021). An EFL Coursebook Evaluation in terms of Design and Language: Private School Samples in Sinop. Uluslararası Türk Eğitim Bilimleri Dergisi, 16, –Р. 17-33.

Материал 10.07.2023 баспаға түсті

Загрузки


Просмотров аннотации: 48 | Загрузок PDF: 20

Опубликован

27.12.2023

Как цитировать

Курманова, А. К. (2023). ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕ ҚАТЫСЫМДЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ. Bulletin of Shokan Ualikhanov Kokshetau University Philological Series, (4), 179–190. https://doi.org/10.59102/kufil/2023/iss4pp179-190

Выпуск

Раздел

МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ЯЗЫКА И ЛИТЕРАТУРЫ

Похожие статьи

1 2 3 4 > >> 

Вы также можете начать расширеннвй поиск похожих статей для этой статьи.