Журнал туралы

"Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің хабаршысы. Филология сериясы" ғылыми журналы Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінде тіркелген. "Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы  уәкiлеттi органның  куәлігі" №KZ02VPY00029384, Астана қ., 23.11.2020 ж.   

Аталған басылымға 16.03.2020 жылы сериалық басылымдардың халықаралық стандартты нөмірлері ISSN 2707-9910 (print) және ISSN 2788-7979 (оnline) (сериялық жарияланымдардың халықаралық орталығы, Париж қ., Франция) берілді.


30.06.2023 жылғы № 321 бұйрығы негізінде «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдар тізіміне енгізілген.

Журналдың бағыты: лингвистикалық, әдебиеттану және әдістемелік мәселелердің кең ауқымын қарастыратын ғылыми жұмыстарды, сондай-ақ  маңызды библиографиялық және сыни шолуларды жариялау.

Жарияланым тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Мерзімділігі: жылына 4 рет.

Баспагері: «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ.


Журнал мақалалары CrossRef дерекқорында тіркеледі және әр автордың мақаласына DOI - цифрлық объект идентификаторы беріледі, электронды құжаттарға сілтеме жасау үшін пайдаланылатын.

Журнал «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамның (ҰМҒТСО) Қазақстандық дәйексөздер базасында (KazBC) индекстеледі. 19.08.2021ж. №49 келісім-шарт.

Журналдың мақалалары сонымен қатар оқырмандар үшін ашық қол жетімді elibrary.ru ғылыми электрондық кітапханасында орналастырылған және «Ресейдің ғылыми дәйексөз индексі» (РИНЦ) талдамалық мәліметтер базасына енгізілген№140-04/2022 лицензиялық келісім-шарт 19.04.2021ж.

Журнал авторлық басылымдардың ақпараттық ашықтығы мен қол жетімділігі саясатын ұстанады, мақалалар журналдың сайтында ашық және толық мәтінді қол жетімділікте орналастырылған.

Журналдың редакция алқасына қазақстандық және шетелдік жетекші ғалымдар кіреді.
Филология сериясы» журналының  редакциясына ұсынылған барлық мақалалар міндетті түрде сараптамадан өтеді.

Жарияланымның мерзімі орта есеппен 3-6 айды құрайды.

Журнал электронды түрінде шығарылады. Журналдың бір санындағы мақалалар саны: 20-25

Журналдағы барлық жарияланымдар ақылы негізде жүзеге асырылады.

Редакцияның мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 020000, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 76.

Бас редакторы:
Дальбергенова Ляззат Елемесовна, Ph.D, ассоц.профессор  (Ш. Уәлиханов ат. КУ, Қазақстан, Көкшетау) vestnikku@mail.ru

Жауапты редакторы:
Искакова Гулгул Женисовна,  Ph.D (Ш. Уәлиханов ат. КУ, Қазақстан, Көкшетау) vestnik-kgu@mail.ru

Жауапты хатшы:
Туровская Екатерина Ивановна, ф.ғ.маг.,  (Ш. Уәлиханов ат. КУ, Қазақстан, Көкшетау) vestnik-kgu@mail.ru. 

Редакция алқасымен жоғарыда көрсетілген электрондық пошта мекенжайы арқылы хат алмасуға болады.