ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕНЕСАРЫ ХАН МЕН НАУРЫЗБАЙ БАТЫРДЫҢ БЕЙНЕСІ

Авторы

  • О.А. Казжанова «Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ, Көкшетау қаласы, 020000, Қазақстан Республикасы. orcid.org/0000-0002-0574-643X
  • Г.Т. Тлеубердина «Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ, Көкшетау қаласы, 020000, Қазақстан Республикасы. orcid.org/0000-0002-0574-643X
  • С.Ж. Шахина «Е.Бөкетов атындағы КАРУ» КЕАҚ, Қарағанды қаласы, 040000, Қазақстан Республикасы

Аннотация

Мақалада қазақтың соңғы ханы Кенесарының қолбасшылығы, әскерінің береке[1]бірлігін ұйытып, даңқын шығарған оның батырларының бейнесі талданды. Кенесарымен бірге олар да суыққа тоңып, ыстыққа күйді, көтерілістің барлық ауыртпалығын арқалағаны көрсетіледі. Кенесары–Наурызбай бастаған ұлт-азаттық көтеріліс бүкіл халықты рухтандырған, талай батырды тарих сахнасына шығарғанын анықтадық. Бұл зерттеуде халық жырларының, ақындардың, жазушылардың көркем туындыларындағы Кенесары ханның бейнесін басқа зерттеушілердің зерттеулерімен Кенесары образына әдеби талдау жүргізілді.

Талдау жасаған жырларда батырлардың кейде Кенесарымен бірге жүріп атқарған ерлік істері баяндалса, енді бірде батырлардың жеке-дара жүріп басынан өткерген айрықша бір оқиғалары баяндалады. Мәселен Бұғыбай батырдың ерлігі қырғыз халқының алдындағы Алатаудың бөктерінде бекіністі алуда ерекше көзге түседі. Қазақ әдебиеті тарихы Кенесары ханды жанкешті, елі мен жерінің азаттығы үшін шыбын жанын тәрк еткенін, қасындағы қас батырларымен жеңіске де, жеңіліске де бірге жеткенін суреттейді.

Кенесары, Наурызбай бастаған көтерілістің тарихи шындығы ғана емес, олар туралы айтылған, жазылған шығармаларды жан-жақты талдап, талқылаудан өткізіп, еркіндікке ұмтылған санамыздың рухани серпілісін жаңашылдықпен қарауға мүмкіндік жасадық. Кенесары отаршылдыққа қарсы жаппай көтерілісінің айқын саяси сипаты және оның қазақ тарихындағы рөлі туралы ғалымдардың пікірлері берілген.

Ключевые слова:

Тарихи жыр, Кенесары, Наурызбай, ұлт-азаттық көтеріліс, саясат, соғыс

Библиографические ссылки

Досқожа. Кенесары қоныстан ауғанда айтқаны // Хан Кене: Тарихи толғамдар мен пьеса,

дастандар. – Алматы, Жалын, 1993. – 56-60.

Қасқабасов С. Алаштың арман-аңсары (Кенесары хан халық әдебиетінде). // Егемен

Қазақстан. – 24 желт. – 6.

Дала фольклорының антологиясы. Тарихи жырлар. 3 том. – Алматы, 2019. – 584.

Тлеубердина Г.Т. Қанай бидің шешендік сөздерінің фольклорлық негіздері //

Ш.Уәлиханов атындағы КУ ХАБАРШЫСЫ. Филология сериясы. 2022.-№4. 81-89 б.

Tleuberdina G. Value of loan words in the creation of the linguistic and literary world // Astra

Salvensis, 2021, 2021, стр. 59–65

Каренов Р.С. Кенесары ханның халық әдебиетіндегі және тарихи зерттеулердегі бейнесі. // Қарағанды университетінің хабаршысы, филологиясы сериясы. № 2 (78), 2015. – 88-108.

Нысанбай жырау Жаманқұлұлы. Кенесары-Наурызбай (үзінді) //Ақжолтай Ағыбай батыр. –Алматы, Ғылым, 1991. –233.

Тарихи жырлар. Үшінші том. Кенесары–Наурызбай. – Алматы, «Білім», 1996. – 224.

Бекмаханов Е. Кенесары - ұлт-азаттық көтерілісінің көсемі. // Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам: Ұлт мақтанышы Кенесары Қасымұлы (1802–1847). -2011. № 21 (33). – 8- 9.

Бабалар сөзі. Тарихи жырлар. Елу тоғызыншы том. – Астана, «Фолиант», 2010. – 400.

Загрузки


Просмотров аннотации: 48 | Загрузок PDF: 7

Опубликован

30.09.2022

Как цитировать

Казжанова, О., Тлеубердина, Г., & Шахина, С. (2022). ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕНЕСАРЫ ХАН МЕН НАУРЫЗБАЙ БАТЫРДЫҢ БЕЙНЕСІ. Bulletin of Shokan Ualikhanov Kokshetau University Philological Series, (3), 68–75. извлечено от https://vestnik.kgu.kz/index.php/kufil/article/view/313

Наиболее читаемые статьи этого автора (авторов)

Похожие статьи

1 2 3 4 5 > >> 

Вы также можете начать расширеннвй поиск похожих статей для этой статьи.