ТҮРКІ, МОҢҒОЛ БАТЫРЛЫҚ ЖЫРЛАРЫНДАҒЫ ЭПИКАЛЫҚ САНА МЕН КЕҢІСТІК

Авторы

  • Ерболат Баят Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ., 020000, Қазақстан Республикасы

Аннотация

Эпикалық сана – эпостың даму эволюциясын негізінде қалыптасқан көркемдік жетістіктің ең озық үлгісі болып қана қоймай, кейінгі уақыттардағы қоғамдық- әлеуметтік сананың жемісі екендігі айдан анық нәрсе. Ол сонымен бірге эпикалық дәстүрді жаңартушы, жаңаша мазмұн мен соны пішінді қалыптастырушы. Түптен келгенде эпикалық сана дегеніміз сол эпостың тақырыптық-идеялық мазмұнынан өріліп жататын қоғамдық-әлеуметтік көзқарастар, тарихи- мәдени ұстындар, поэтикалық-көркемдік нышандар. Эпостағы эпикалық сана бірден қалыптасқан көркемдік-танымдық құбылыс емес, ол сан ғасырдың жемісі. Ол эпикалық жырдың сюжеттік желісіндегі оқиғалармен атасып, белгілі бір уақыт пен кеңістікте көрініс тауып отырады. Уақыт пен кеңістік эпикалық сананы айқындаушы күш. Түркі, моңғол эпостарындағы эпикалық сананың уақыт пен кеңістікте көрініс табуы бір тектілеу болғанымен, өзіндік ерекшелікке де бай. Ол осы халықтардың дүниетанымына, философиясына, діни ұстанымдарына, көзқарастарына, фольклорлық дәстүріне қатысты болмақ. Біз мақаламызда түркі, моңғол халықтары батырлық жырларындағы эпикалық сана көрінісін уақыт пен кеңістік категориясы негізінде салыстырмалы түрде зерттеуді мақсат еттік.

Ключевые слова:

жанр, миф, поэтика, сюжет, эпос

Библиографические ссылки

Гачев Г. Д. Содержательность художественных форм (эпос, лирика, театр). – М., 1968.

Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы, 1989.

Әзібаева Б. Түркі эпостарының кейіпкерлер жүйесіндегі қазақ эпосының образдары// Қазақ эпосы әлемдік эпостық мұра аясында. – Алматы, 2017.

Қасқабасов С. Ертек пен эпостың сюжеттік типологиясы// Қазақ фольклорының типологиясы –А. 1984.

Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. – Алматы, 1993.

Ыбыраев Ш. Қазақ эпосындағы уақыт пен кеңістіктің бейнелену принциптері // Қазақ эпосы әлемдік эпостық мұра аясында. – Алматы, 2017.

Қазақтың көне эпосы. – Алматы.Аруана.2008.

Баят Е. Контактология: түркі өркениетінің әлемдік мәдениетке ықпалы. – Алматы, ҚазҰУ баспасы. 2020.

Батырлар жыры./ Қобыланды батыр/. 1-т. – Алматы. 1986.

Загрузки


Просмотров аннотации: 8 | Загрузок PDF: 31

Опубликован

30.12.2022

Как цитировать

Баят, Е. (2022). ТҮРКІ, МОҢҒОЛ БАТЫРЛЫҚ ЖЫРЛАРЫНДАҒЫ ЭПИКАЛЫҚ САНА МЕН КЕҢІСТІК. Bulletin of Shokan Ualikhanov Kokshetau University Philological Series, (4), 25–31. извлечено от https://vestnik.kgu.kz/index.php/kufil/article/view/282

Похожие статьи

1 2 > >> 

Вы также можете начать расширеннвй поиск похожих статей для этой статьи.