ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ БАЛА ЖӘНЕ БАЛАЛЫҚ КӨРІНІСІ

Авторы

  • Н.Н. Айсенова Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ., 020000, Қазақстан Республикасы

Аннотация

Қазақ елі тәуелсіздік алғалы әдебиеттің әр саласы шынайы даму жолына түсе отырып, жанрлар түрленіп, түрлі тақырыптар аясы кеңейіп, жаңарып, әдеби процесс те қазіргі заманның жаңашыл талаптарына қарай ойысты. Соның нәтижесінде балалар әдебиеті, оның ішінде балалар прозасы да жаңа түр, сипат алды, соған орай балдырғандар, жеткіншектер, жасөспірімдерге рухани азық беретін балалар әдебиетінің алатын рөлі де өсе түсті. Сол себепті балалар әдебиетінің қазіргі даму келбетін, қоғамнан, мектеп өмірінен алатын орнына жіті талдаулар жасап отыру өзекті мәселелерге айналды.

Қазақ балалар прозасы, оның ішінде әңгімелердің тамыры тереңде жатыр. Балалар әңгімелері ХІХ ғасырда педагог, ағартушы, ғалым Ы. Алтынсарин есімімен ресми жазба түрде басталған еді. ХХ ғасырда балалар әдебиетінің барлық жанры толысып, толықты, өркендеді. Ал тәуелсіздік алған жылдардан бергі қазақ балалар прозасы, әсіресе әңгімелер жаңа даму өрісіне ие болды. Шәкен Күмісбайұлы, Арасанбай Естен, Сұлтан Қалиұлы, Әдібай Табылды, Толымбек Әбдірайым, Асқар Алтай, Маркиза Базарбайқызы сынды жазушыларымыз сапалы, әсерлі әдеби туындыларды келтірсе, Есей Жеңісұлы, Қалмахамбет Мұхаметқали, Бейбіт Сарыбай, Аягүл Мантаева, Әдина Жүсіп, Серікбол Хасан, Нұрлан Құмар, Есей Жеңісұлы, Қалмахамбет Мұхаметқали тәрізді жастар легі балалар әдебиетіне жаңа пішінде, жаңа бағытта туындылар әкеліп жүр. Осыған орай қазіргі кезең балалар әдебиетінде жаңа буын жазушылардың прозасын зерттеу, ғылыми айналымға енгізу әдебиеттану ғылымының негізгі мәселелері деуге негіз бар. Осы тұрғыдан келгенде, мақалада балалар жазушылары Қанағат Әбілқайырұлы, Аягүл Мантаеваның әңгімелері талданып, әңгімелеріндегі балалық ұғымы қарастырылады.

Ключевые слова:

бала, балалық, әңгіме, тақырып, жанр, балалар әдебиеті, проза, кейіпкер, концепт, әдеби образ

Библиографические ссылки

Әбілқайырұлы Қ. Естелік // Қазақ әдебиеті. – 2002. – №28. − 8 б.

Әбілқайырұлы Қ. Сурет // Қазақ әдебиеті. – 2002. – №49. − 8 б.

Әсемқұлов Т. Жас қаламгердің ниеті қуантады // Қазақ әдебиеті. – 2002. – №34. − 9 б.

Кеңшілікұлы А. Өнер де – формалық ізденістің нәтижесі // Қазақ әдебиеті. – 2002. − №34. − 9 б.

Қабдолов З. Жанр сыры. − Алматы. Қазмемкөркемәдеббас, 1964. – 169 б.

Майтанов Б. Психологизм – прозадағы жаңашыл арна. Уақыт және қаламгер: Әдеби сын. – Алматы: Жазушы, 1980. – 189 б.

Жүсіп Ә. Қоңыр Қонжық. Ертегілер. – Алматы: Таймас, 2011. – 20 б.

Қоныс Лира. Тиын // Қазақ әдебиеті. – 2006. – №2. − 9 б.

Ыбырайымов Б. Қазіргі қазақ балалар повестерінің көркемдік ерекшеліктері. ф.ғ.к. дисс. – Алматы. 1990. – 163 б.

Қазақ ертегілері. Екінші том. – Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1962. – 470 б.

Загрузки


Просмотров аннотации: 37 | Загрузок PDF: 12

Опубликован

08.07.2022

Как цитировать

Айсенова, Н. (2022). ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ БАЛА ЖӘНЕ БАЛАЛЫҚ КӨРІНІСІ. Bulletin of Shokan Ualikhanov Kokshetau University Philological Series, (2), 54–63. извлечено от https://vestnik.kgu.kz/index.php/kufil/article/view/255

Похожие статьи

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 > >> 

Вы также можете начать расширеннвй поиск похожих статей для этой статьи.