РОМАН ЖӘНЕ ӨМІРДІҢ ШЫТЫРМАН ШЫНДЫҒЫ (ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВТІҢ «ЖОЛДАСТАР» РОМАНЫНЫҢ ИДЕЯЛЫҚ-ТАҚЫРЫПТЫҚ, ТІЛДІК-КӨРКЕМДІК ЖӘНЕ ЖАНРЛЫҚ-СТИЛЬДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ БЕЛГІБАЙ ШАЛАБАЕВ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕ КӨРІНІС ТАБУЫ)

Авторы

  • А.Т. Қажыбай КеАҚ Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ., 020000, Қазақстан Республикасы

Аннотация

Мақалада Ілияс Жансүгіровтің «Жолдастар романының идеялық-көркемдік, композициялық-тақырыптық, тілінің поэтикалығы және жанрлық-стильдік ерекшеліктерінің әдебиетші ғалым Белгібай Шалабаев зерттеулерінде көрініс табуы жан- жақты жүйелі зерттеле келіп, жазушының бұл романы алғашқы қазақ романдарын толықтыра келген, қайшылыққа толы халық тағдырындағы тарихи процесті бейнелеуде романның ауыр жүгін көтере отырып, өз үлесін қосқан туындылардың бірі екендігі тұжырымдалады. «Жолдастар» романының идеялық-тақырыптық ерекшеліктері, тілдік- көркемдік қолтаңбасы қарастырылып, романның ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы қазақ романдарымен ұқсастығы мен өзгешелігі, қазақ прозасынан алатын орны, жазушы шеберлігі егжей-тегжейлі талданған. Ғалым Б.Шалабаев, қаламгер Ілиястың романындағы табиғат пейзаждарын, адам портреттері мен мінез қалыптарын ашуда реалистік биікке көтерілгендігін дәлелдей келе, юморлық, сатиралық кейіпкерлерде көркемдік қуат танытуда шығарманың барымта, жұт сценаларын, билер дауы, молдалар айтысын, жұмысшылар ортасын бейнелеуден анық көрінедігін тілге тиек етеді.

Дегенмен, қазақтың ауызекі әңгіме айту дәстүріндегі шеберлікті еркін игерген Илияс жеке бөлімдердің байланысы, композициялық тұтастық, типтендіру принциптеріне келгенде еуропалық үлгілерді терең меңгермегендігін, проза саласындағы, әсіресе роман жазуда тәжірибесіздігін аңғартып қоятындығын Б.Шалабаев өткір сынға алады. Дей тұрғанмен, қазақ ауылындағы әлеуметтік-таптық өзгерістерді, өндіріс, мәдениет, техникаға бой ұрған адамдарды бейнелеу талабындағы халық өмірінің кең панорамасын жасауда мақсат еткен қалың оқиғалы, қою тартысты, көп кейіпкерлі «Жолдастар» романы – қазақ әдебиетіндегі әлеуметтік-психологиялық роман жазу барысындағы тұңғыш сәтті тәжірибелердің бірі, өмірлік мазмұны терең, эстетикалық әсері күшті сапалы шығарма екендігі даусыз ақиқат.

Ключевые слова:

роман, идея, тақырып, сюжет, композиция, кейіпкерлер образы, табиғат пейзаждары, геройлар психологиясы, жазушы шеберлігі

Библиографические ссылки

Шалабаев Б. Қазақ романының тууы мен қалыптасуы. – Алматы: «Жазушы», 1990. – 312 б.

Шалабаев Б. Казахская литература (Советский период). – Алма-Ата: «Мектеп», 1965. – С. 235.

Кенжебаев Б. Шындық және шеберлік – Алматы: «Жазушы», 1966. – 217 б.

Қазақ әдебиетінің тарихы: Кеңес дәуірі (1917-1940). – 7-Том. – Алматы: «ҚАЗақпарат», 2004. – 462 б.

Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. – 16-Том. (Мақалалар, зерттеулер). – Алматы: «Жазушы». – 1985. – 207 б.

Машинский С.И. Классика и литературная наука. М.: «Знание», 1970. – С. 318.

Қирабаев С. Тәуелсіздік рухымен. Зерттеулер, мақалалар, естеліктер. – Астана: «Фолиант», 2002. – 504 б.

Жансүгіров І. Ақ вексель // «Әдебиет майданы», 1934, No3–4. – ББ. 18-27.

Жансүгіров І. Жолдастар. Роман. 1-кітап. – Алматы – Қазан: «Қазмемкөркемәдеббас», 1935. – 583 б.

Ғабитова Ф. Ұмытылмас өмір // «Жұлдыз», 1966, No5. – ББ. 105-106.

Дүйсенов М. Ілияс Жансүгіров. – Алматы: «Ғылым», 1965. – 357 б.

Жансүгіров І. Жолдастар. – 3-Том. – Алматы: «Жазушы», 1987. – 472 б.

Загрузки


Просмотров аннотации: 36 | Загрузок PDF: 4

Опубликован

30.03.2023

Как цитировать

Қажыбай, А. (2023). РОМАН ЖӘНЕ ӨМІРДІҢ ШЫТЫРМАН ШЫНДЫҒЫ (ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВТІҢ «ЖОЛДАСТАР» РОМАНЫНЫҢ ИДЕЯЛЫҚ-ТАҚЫРЫПТЫҚ, ТІЛДІК-КӨРКЕМДІК ЖӘНЕ ЖАНРЛЫҚ-СТИЛЬДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ БЕЛГІБАЙ ШАЛАБАЕВ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕ КӨРІНІС ТАБУЫ). Bulletin of Shokan Ualikhanov Kokshetau University Philological Series, (1), 99–109. извлечено от https://vestnik.kgu.kz/index.php/kufil/article/view/196

Похожие статьи

<< < 1 2 3 4 5 > >> 

Вы также можете начать расширеннвй поиск похожих статей для этой статьи.